Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева жалаңаш образымен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Қазақстандық әнші, шоу-бизнес өкілі Кәмшат Жолдыбаева жаңа фототүсірілім жасады. Ашық-шашық образымен сынға қалатын ол бұл жолы да осы әдетінен танған жоқ.

Жолдыбаеваның төстартқышсыз образы кей желі қолданушысының ашуын келтірді. Ол ақ-қара түсті кеудеше мен джинсы шалбар киген. Омырауын ашық көрсетеді.

Келесі түсірілімінде жасыл костюм киіп, жалаңбұт түседі. Енді бірінде гүлді бетперде киген. 

Желідегі оқырманы әншінің ашық образын сөз қылып сөкті, енді бірі сымбатына қайран қалысты.

"Мынауың енді артық. Бұдан әрі қарай тосқауыл қоймаса болмайды", "Не үлгі, несі әдемі, жеңіл жүрістіден айырмашылық жоқ", "Төсіңді көрсеттің, саныңды көрсеттің, қай жерің қалды", "Несі бар, сымбаты өзіне жарасып тұр", "Үнемі осылай жарқырап, естен тандырып жүріңізші", "Сізден осындау суреттер күтеміз", "Сіз батыл қызсыз", - деп жазды олар.

Талқылау