Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамқорлық көрсеткені үшін 1 миллион теңге": Шымкентте басқарма басшысы не себепті ұсталғаны белгілі болды

Шымкентте Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартып, қызметте жалпы қамқорлық көрсеткені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысын жемқорлық фактісі бойынша әшкереледі.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада. 



Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевтің ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Сәкен Шәкеев 1989 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша Құқық саласындағы бакалавр және магистр дәрежесін алған. 

Талқылау