Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Камерасын қосып, фотоға түсіріп алады": Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға тап болды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға тап болып, оқырмандарын сақтандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Медиа менеджері үздіксіз соғылған қоңырауға жауап бермей отырғанын айтты. 

“Жаңа ғана алаяқтықтың куәгері болып отырмын. Біреу хабарласып, тапсырыс берген затымның келіп тұрғанын айтты. Шынымен де Астанадан зат күтіп отыр едім. “Мына мекенжайдан алып кете аласыз” деді. “Көлікпен жібереміз деп еді, пошта арқылы салған-ау” деп ойлап үлгердім. Тіпті, үйімнің мекенжайын да біліп тұр. Дүкенге апаруын өтіндім. “Сізге код келеді соны айтыңыз” деді. Бір кезде көзім түсіп кетті “кредит” деп жазылып тұр екен. Бірден алаяқ екенін білдім. Енді, міне, қоймай хабарласып жатыр. Бір қызығы тұтқаны көтерсең, бірден камерасы қосылып түріңді суретке түсіріп алады. Сосын даусыңды жазып алады екен. Сіздер де сақ болыңыздар”, – деді продюсер. 



Еске салайық, маңғыстаулық әйел WhatsApp топтарын құрып, қазақстандықтарды 2,8 миллиард теңгеге алдап кеткен еді. Сот үкіміне сәйкес, топты құрып, оған жетекшілік еткен айыпталушы 9 жыл 8 айға, оның сыбайласы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Бұған дейін, Зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасап, алаяқтар салымшыларды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқанын жазған едік. 

"3 қыркүйекте БЖЗҚ филиалдарының біріне жергілікті ұйымның есепшісі хабарласып, өзін "қор қызметкерімін" деп таныстырған. Ол белгісіз біреудің транзиттік шоттардың тұтқындалуына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шоты бұғатталғанын айтып, телефон соққанына шағымданған. Телефон соққан адам бұғаттауды жою үшін есепшіден "сот орындаушысымен" байланысуды сұраған. Ал "сот орындаушысы" есепшіге қарыз сомасын өзі көрсеткен есепшотқа аударуды ұсынған. Бұл әрекет орындалмаған жағдайда, компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін айыппұл салынатыны ескертіледі. Өз кезегінде "БЖЗҚ" АҚ филиалының қызметкерлері жағдайды саралағаннан кейін, есепшіге ақша жібермеу туралы кеңес берді”, – делінген қор хабарламасында. 

Талқылау