Кәмелетке толмағандарды жыныстық құлдыққа сатқан күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінген әйел Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды. Әйел қазір Нұр-Сұлтанда уақытша қамау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ол Бахрейн Корольдігінде сексуалды құлдыққа беру мақсатында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматын сату бойынша күдікке ілінген", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қылмысынан кейін күдікті жасырынып қалған. Бұдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланған.
Күдікті Бас прокуратура мен Бахрейн корольдігі арасындағы келіссөз негізінде Қазақстанға берілген. Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изолтяорына қамалған.
Талқылау