Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қылмыс деп ойламадым": Кәмелетке толмаған қызын күйеуге берген Қырғызстан тұрғыны 2,5 жылға кесілді

Қырғызстанда Ош облысының тұрғыны 2 жыл бұрын кәмелетке толмаған қызын күйеуге бергені үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

неке

Қылмыстық іс былтырғы жылы Мәскеуде қозғалыпты. Ол кезде бойжеткен күйеуімен бірге ауруханаға түскен. Науқас қыздың 17 жаста екендігі, алдыңғы жылы оны ата-анасы тұрмысқа бергені анықталыпты. Қазір бойжеткеннің жасы 18-де екен, оның бір баласы бар көрінеді. 

Қыздың әкесі кәмелетке толмаған баласын күйеуге бергені үшін жазаға кесілген. Қырғыз азамат өз кінәсін мойындап отыр. Дегенмен бойжеткен тұрмысқа шығуға өз еркімен көнгендігін айтыпты. 

Сот екі жақтың сөзіне сүйене отырып, ер азаматты түрмеге отырғызудан бас тартып, шартты жазаға кесіпті. 

Қырғызстанда 2016 жылдан бастап кәмелетке толмаған балалардың некесін қиюға заңмен рұқсат берілмейді. Ал егер мұндай жағдай тіркелсе, жасөспірімнің ата-анасы да, некені қиған имам да жаауапкершілікке тартылады. 

Дегенмен балалардың ерте үйленуі мәселесі тек Қырғызстанда ғана орын алып отырған жоқ. Қазіргі таңда әлем бойынша бір күнде 37 мың баланың некелері қияылады екен. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Ақпан, 2020 10:28
Талқылау