Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кәмелетке толмаған ауыл қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген": Қостанай облысында қылмыстық топ ұсталды

жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топФото: Қостанай облысы полиция департаменті

Қостанай облысында такси қызметі ретінде жасырынып, интимдік қызмет көрсетуді және жеңгетайлықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейбір қыздарды қорқытып, бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Қыздарды қаладағы 12 саунаға жеткізіп отырған. Мекемелердің әкімшілері мен ақылы интимдік қызмет көрсеткен адамдар анықталды", – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Қылмыскерлер ауылдардан шыққан, тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан жас қыздарды таңдап отырған. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап келген.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бірқатар күдіктілер ұсталды, ал қалғандарына қатысты процессуалдық шаралар қолданылды.


Қызылордада сексуалдық құлдыққа түскен оқушы ісі: Қыздың "клиенттері" куә ретінде сұралып жатыр


"Жеңгетайлық" үшін айыпталған рэпер P. Diddy 4,2 жылға сотталды


Еске салайық, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеген. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 2024 жылдың 11 қарашасында бұл іс бойынша алғашқы үкім шықты. 2024 жылдың 13 желтоқсанында іс бойынша екінші үкім шықты. 2024 жылғы 24 желтоқсанда үшінші үкім шығарылды. 2024 жылдың 26 ​​желтоқсанында төртінші үкім шықты.

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 13:26
Талқылау