Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамчыбек Ташиев Қырғызстаннан кетті

Қамчыбек Ташиев Қырғызстаннан кеттіФото: gov.kg

ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев уақытша Қырғызстан аумағынан тысқа шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратты “Регион” телеарнасының директоры Өктүрбек Рахманов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Рахмановтың айтуынша, ол уақытша сапарға аттанды. Жарияланған видеода оның шетелге шығу мақсаты және онда қанша уақыт болатыны жайлы мәлімет келтірілмеген.

Қамчыбек Ташиевтің елден шығуына байланысты мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

БАҚ мәліметінше, бұған дейін қоғамда Қамчыбек Ташиевке қатысты кадрлық шешімдер қызу талқыланған. Осы тұста оның алдағы жоспарына қатысты түрлі болжамдар да айтылып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевті қызметінен босатқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 13:14