"Қамауға алынбады": Бас прокурор орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс жайлы пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Бас прокурор орынбасары мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналисттердің сұрағына жауап берді. Шындалиев Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтты.
“Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қазір тергеу барысында. Яғни әлі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін Бас прокуратура бұл іске қатысты мәлімет берген еді. Заң бойынша тергеу аяқталғанша өзге мәліметтерді жариялауға тыйым салынған”- деп жауап берді Шындалиев.
Әсет Шындалиев Самат Әбіштің қамауға алынбағанын айтты. Одан тек қана ешқайда шықпау туралы қолхат алынған. Бас прокурор орынбасары оның елде екенін айтты.
“Мен қылмыстық істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Тек лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген айыппен тергеліп жатқанын айта аламын” –деді Бас прокурор орынбасары.