Қалжыңдап тұрсыз ба: Семейде қайырымды жандардан сыйға үй алған алты баланың анасы көз жасын тыя алмады (видео)
Семейде қайырымды жандар 6 баланың анасына үй сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әнші Серік Ибрагимов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Жаратқан иеме сансыз мадақ! Сүйінші! «Харекет» қайырымдылық қоры 8-үйді иесіне табыстады. Үй Семей қаласындағы 6 баланың анасы Тоғжан Нұржанқызына берілді. Ой-ниетімен, сөз-дұғасымен, қаражат-қаржысымен үлес қосқан барша жанға Алла разы болсын!» – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші қуанышты сәт таспаланған видеоны да жариялады. Онда имам 6 баланың анасына үй берілетінін айтады.
«Сізге мешіттің атынан үй алып беріп жатырмыз. Үй сіздің атыңызда. Үйіңіз құтты болсын! Жүріңіз, үйіңізге алып барайық. Алған үйіңізді көрсетейік» – дейді имам.
Осы кезде көп балалы ана көз жасына ерік беріп, мұндай жаңалыққа сене алмады.
«Түсіну қиын болып тұр маған. Қорқамын… Қалжыңдап тұрсыз ба?» – дейді көпбалалы ана.
Өз кезегінде кадр сыртындағылар имамның өзі келіп тұрғанын, оның қалжыңдап тұрмағанын айтып жатты.
Мұнан кейін көп балалы ана “Өнер қырандары” театрының “Берекелі мереке” атауымен өткізген концерті кезінде сахнаға шығып, алғыс айтты.
Оқи отырыңыз:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қан тобыңыз арқылы сүйіктіңізбен мінезіңіз қаншалықты үйлесетінін біліңіз