Қалыңдық той күні марқұм күйеу жігітінің зиратына келді. Жантебірентерлік суреттер
Қайтыс болған өрт сөндірушінің қалыңдығы екеуінің үйлену тойы жоспарланған күні марқұм болған сүйіктісінің зиратына келді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сүйіктісінен айырылған бойжеткеннің той көйлегін киіп, күйеу жігітінің зиратына келген кезде түсірілген фотосуреттер Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.
Осылайша, ерекше және жантебірентерлік қайғылы сурет желіде жариянғалы танымал болып, оқырмандардың көзіне жас әкелді.
Бүгінде көпшіліктің жүрегін елжіреткен қалыңдықтың есімі – Джессика Паджетт. Ол 29 қыркүйекте Кендалл Джеймс Мерфи есімді өрт сөндірушіге тұрмысқа шығуы керек болатын.
Күйеу жігіт ерікті өрт сөндірушілердің құрамында болған. Бірақ, өкінішке орай жігіт 2017 жылы қараша айында Индиана штатындағы Монтгомериде қайғылы жағдайда қаза тапты.
Оның ажал құшуына өрт себеп болған жоқ. Мерфи көлігінен шыға алмай қысылып қалған жүргізушіге көмектесу үшін жол апаты болған жерген барған. Құтқару операциясы ойдағыдай сәтті өтті.
Бірақ, Мерфи апатқа ұшыраған автокөліктен шыққан кезде, оны жолда келе жатқан өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Оны қаққан Колби Блейк көлікті мас күйінде басқарған және сол мекен-жайға шақырту бойынша келген.
Қайғылы жағдайда қайтыс болған жігіттің отбасы Мерфидің қазасына қатты қайғырды. Сонда оның анасы ұлы үйленемін деп жүрген бойжеткенге, яғни Джессика Паджеттке ерекше фотосессия жасау туралы идея ұсынды.
Суреттерден қалықдықтың той көйлегімен «қайтыс болған сүйіктісінің» өрт формасын ұстап, қабірінде жылап отырын көруге болады.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде жарияланған фотосессияның суреттері 29 мыңға жуық репост жинаған.