Қалыңдық үйлену тойының үстінде оққа ұшып, мерекелік салтанатты тоқтатудан бас тартты

Индияның астанасы Нью-Делиде қалыңдық той үстінде оққа ұшты, бірақ мерекелік шараны тоқтатудан бас тартты. Бұл туралы NDTV басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Қалыңдық тұғырға көтеріліп, болашақ күйеуімен бірге отты жеті рет айналып шығу керек еді. Сол кезде оған біреу оқ атты. Оқ оның аяқтарын жанап өтті. Қалыңдықтың жанұясы оны дереу ауруханаға жеткізді, сосын ғана полицияны шақырды. Қыздың айтуы бойынша, өзі де оған кімнің оқ атуы мүмкін екенін білмейді.

Дәрігерлер қалыңдықты ауруханадан шығарған күні жас жұбайлар некелерін қиды. Алайда думандатып той тойламай, шағын шара өткізуді жөн көрді.

Полиция оқ атқан адамды табу үшін қонақтардан жауап алып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр