Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалмақтардың құдайына дәрет сындырып, тепкен спортшы тізерлеп кешірім сұрады (видео)

2 сәуір күні Қалмақстан орталығы Элиста қаласында еркін күрестен Городовиков атындағы турнирге қатысу үшін келген дағыстандық спортшы будда ескерткішіне дәре сындырып, соңында теуіп кеткен.

70744de3a6bfc4c9831a515de3b4dad5_L

22 жастағы спортшы жігіт достарымен бірге қаланы аралап жүріп буддалықтардың шіркеуіне келген. Ол жерде тастан жасалған пұтқа дәрет сындырып, ескерткіш мүсінді теуіп кеткен. Осы сәтті серікері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Желідегі видео жергілікті тұрғындарының ызасын келтіріпті.

Оқиғаны көрген Элиста қаласының тұрғындары спортшы жігіт орналасқан қонақ үйге келіп, оны жазаламақ болған. Жағдайдың одан әрі ушыға түскенін түсінген дағыстандық жігіт, олардың айтқанына көніп, Буддадан кешірім сұраған. Полицейлер спортшыны уақытша қамауға алған.

Бұл оқиғадан соң ұйымдастырушылар жыл сайын еркін күрестен өтетін турнирді тоқтатып тастаған. Тіпті, осы үшін Дағыстанның спорт министрлігіне сөгіс жарияланған.

Талқылау