Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалыңдыққа жаным ашиды": Ұзату тойда гүл шоқтарын бірінші өз анасына берген күйеу жігіт қазақстандықтарға жақпай қалды

Ұзатуда анасына гүл сыйлаған күйеу жігіт көпке жақпай қалдыФото: Видеодан скриншот

Желіде ұзату тойда гүл шоқтарын бірінші өз анасына берген күйеу жігіт қазақстандықтарға жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көптің ашуына тиген күйеу жігіттің әрекеті түсірілген видео “sw.balzhan” Tiktok парақшасында жарияланды. Видео авторының айтуынша, ол ұлы гүл шоқтарын бірінші өзіне сыйлайды деп күтпеген. 

“Қыз ұзатуда ұлымнан гүл күтпедім. Гүлді бірінші маған бергенде көзіме жас алдым”, – деп жазған ол.

Алайда күйеу жігіттің бұл әрекеті желідегі жұртқа жақпай қалды. Олардың сөзінше, күйеу жігіт гүлді бірінші қалыңдығының анасына сыйлауы қажет, өйткені олар қыздың қолын сұрап барып тұр. 

“Болашақта балам осылай беріп тұрса, кіретін тесік таппай қалатын шығармын. Қызды сұрап барып тұрған соң, өтірік көзбояушылық істеудің қажеті жоқ. Үйінде қанша берсе де жарасады”, “Күндіз құдалыққа барып, қызға сырға салғанда да сырғаның бір жұбын бірінші сізге тақты ма?”, “Анасына гүл беретін басқа күн таппаған ба?”, “Негізі бірінші гүлді қыздың анасына беру керек, сосын ұл өзінің анасына, сосын қызға. Заңы солай, себебі ұл анасымен бірге қыздың қолын сұрап барып тұр. Қыздың анасына деген құрмет болуы қажет”, “Өте дұрыс емес, ерсі қылық. Бұл той аты айтып тұрғандай ұзату той. Қыздың анасына беруі керек еді”, “Мына жігітке күйеуге шығып, осы отбасыға келін болып түсетін қызға жанымның қалай ашып отырғанын жеткізе алмай отырғаным-ай”, “Мамасының баласы, оны әлі үйлендіріп керек емес”, “Қыз ұзатуда анасы есіне түсіп пе? Не енді осы?” – деп жазған олар.

“Adena1” парақшасының иесі күйеу жігіт бұл әрекетімен жасырын озбырлықты көрсеткісі келгенін жазды.

“Көрдің бе? Мен үшін бірінші орында анам” дейтін жасырын озбырлық қой. Мен ұялар едім, бұл қыздың қуанышы. Ол күні жігіттің анасы қызға бәсекелес болуына болмайды. Ұл бала тәрбиелеп отырған аналарға алтын сырға, бұл дүниені сіздер түсіндірулеріңіз керек, себебі олар анасына жақын болады”, – деп жазған ол.

Тредс пікір

Видео Threads желісінде де қызу талқыға түсті. Мәселен “indikowwvx” парақшасының иесі видеоны жариялап, “Кринж ғой енді мынау, масқара” деп жазған.

“Ұзату тойда анасына не үшін гүл сыйлайды? Оның анасы бұл тойға сенімен бірге келді, бұл қалыңдық пен оның туыстарының тойы, үйлену той босла түсінер еді, бірақ ол да кринж”, “Бір жылда 365 күн бар, бірақ ол анасына гүлді ұзату тойда берді”, “Бірінші қызға беріп, сосын екі анасына берсе болмайды ма? Анасының мерейтойы болса мейлі. Ұзату ғой, басты рөлде қыз ғой. Мамсик десе ренжиді тағы”, “Бақытсыз қазақтың әйелдері, күйеулерінен ала алмаған гүлді, ұлдарынан күтеді”, “Анасын енді көрді ме? Әр нәрсенің өз орны бар ғой”, “Бәріне көрсетіп бергенін айтсаңшы, ол бұл қылығымен үйді кім басқаратынын, олардың отбасында екі емес, үш адам болатынын көрсетіп отыр”, – деп пікір жазған желі қолданушылары.

Тредс пікір

Айта кетейік, бұған дейін Әйелі өзінен 30 жас кіші: Қазақстандық жұп көптің қызу талқысына түскені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 17:12