Қалыңдық үйлену тойына төрт күн қалғанда комадан оянып, тұрмысқа шықты (видео)
Канадалық қалыңдық өзінің үйлену тойына төрт күн қалғанда комадан оянып, бірден тұрмысқа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпаратт агенттігі Global News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Лондон қаласының канадалық тұрғыны Сара Кемпинска күйеу жігітімен тойына екі жыл дайындалған. Салтанатты шара 3 маусымда өтуі керек еді. Алайда қалыңдық өкпе мен тыныс алу жолдарын зақымдайтын аутоиммунды ауруға шалдығып, ісіктерін алып тастау үшін операция жасатады. Отадан кейін оның жағдайы нашарлап, комаға түседі.
Алдын ала жоспарланған той болмай қалуы мүмкін еді. Алайда қалыңдықтың туыстары үміттерін үзбей, салтанатты рәсімге дайындықты жалғастыра берді. Күйеу жігіт қалыңдықтың ұялы телефонындағы тойға арналған жоспарларды қарап, соған қарай қажетті дүниелерді жасады.
Отбасы тойды кейінге қалдыруды жоспарлаған кезде әйел комадан оянды. Нәтижесінде қалыңдық пен жігіт той рәсімін жасап, жақсы деңгейде өткерді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ