Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық көбейту кестесін білмегені үшін күйеу жігітін той үстінде тастап кетті

Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмегендіктен үйлену тойынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Той 1 мамырда Уттар-Прадеште өткізілуі керек болған. Жас жігіттің біліміне күмәнданған қыз одан 1-ден 9-ға дейінгі сандарды екіге көбейтуді сұрапты. Күйеу мұны істей алмағаннан кейін, қалыңдық оған үйленуден бас тартты.

"Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіздігін жасырып келген. Мүмкін ол тіпті мектепке бармаған шығар", - деді қыздың немере ағасы оның іс-әрекетін мақтан тұтатынын айтты.

Порталдың хабарлауынша, отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.

Талқылау