Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдығын пәтерде өлтірген ақтөбелік жігітке жаңа үкім тағайындалды

Жұма күні Ақтөбе облыстық соты  көз жұмған университет түлегі Әсем Эльбрусованың ісіне қатысты аппеляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды "Диапазон"-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалға алынған пәтерде 22 жастағы қызды өзінің болашақ жары - Бақыт Орынбасаров өлтіріп тастаған. Осыған дейін жігіт қызға үйленуге ұсыныс жасаған екен.

Бірінші инстанциядағы сот 23 жастағы жігітті 10 жылға бас бостандығынан айырып, оған моральдық шығынды үш миллион теңге көлемінде өтеп беруді міндеттеген болатын.

 

Алайда марқұмның туыстары қатаң жазаны талап етіп, шешімді аппеляцияға берген. Облыстық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгерткен: Орынбасаровқа тағы бір жыл қосылып, 11 жылға бас бостандығынан айырып, сонымен қатар моральдық шығын үшін жеті миллион теңге төлеу міндеттелді.

Бақыт Орынбасаров Әсеммен бір жарым жыл кездескен. Қыздың туыстарының айтуынша, Бақыт оны үнемі бақылап жүрген, оның кімге және қашан қоңырау шалғанын, оның есепшотында қанша ақша болғанын біліп отырған. Ол өзінің қажеттіліктері үшін қалыңдығының атынан несие алған, енді оны Әсемнің анасы төлейтін болады.

Қызды өлтірген соң, ол жалға алынған пәтерге Әсемнің банк картасымен төлеген. Марқұм қыз көз жұмғаннан соң, оның телефонын алып, Әсемнің анасына бәрі жақсы екенін айтып сөйлескен. Сондай-ақ, ол өзінің таэквондодан Азия чемпионы екенін, коммерциялық директор болып жұмыс істегенін, жүрегіне ота жасалғанын, әкесіне джип сатып алып бергені жайлы өтірік айтқан.

Облыстық соттың шешімі жарияланғаннан кейін Әсемнің анасы журналистерге сот үкіміне қатысты шағымданбайтынын жеткізді.

«Бақытпен кездескен бір жарым жыл ішінде жігіт өзін жақсы жағынан көрсетті, біздің үйге келді, жақсы отбасы туралы айтты», - дейді марқұмның анасы.

 «Біз жаман ештеңе ойлаған жоқпыз, ол өзін идеал етіп көрсетті. Әсем оған сыйлықтар, киім-кешек сыйлаған, ал ол қызыма шоколад пен гүл ғана сыйлайтын. Менің қызым қарапайым шоколадқа қуанып жүретін.

Біз үйлену тойына дайындалып жатқан едік, Әсем психолог, нумерологиямен айналысатын, тойға жақсы күнді таңдап жүрген. Біз той жайлы отбасылық чатта талқылап, Әсемнің тәтесі тойға деп шот ашып, сонда ақша жинап жүргенбіз. Енді бұл ақша жерлеуге кетті.

Қыздарға айтарым, абай болыңдар! Барлығын аналарыңа айтып жүріңдер. Менің жүрегім бір нәрсені сезіп еді, алайда қызым жігітке деген сезімі бар екенін айтқан соң, көнгем. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар!»,-дейді қыздың анасы. 

Талқылау