Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалың қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Болжамға сәйкес, 7 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік-Каспий циклоны әсерінен ылғалды ауа райы болжанды. Салдарынан елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында боран болып, қалың қар жауады.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр) болжанып отыр. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Ал 8 қаңтарға қараған түні Батыс антициклоны ауа температурасын күрт төмендетеді. Салдарынан түнде республиканың солтүстік жартысында 15-25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5 -15-ға дейін, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін болжанды.



"Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 0-5 градусқа дейін жылы болады", – деді синоптиктер. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Талқылау