AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалдыбек Құрманәлі: Үстімнен 7 рет қылмыстық іс қозғалды

Композитор Қалдыбек Құрманәлі осы уақытқа дейін жеті рет істі болғанын айтты. Өнер иесі ұсақ бұзақылық, төбелес үшін, сондай-ақ, қыз зорлағаны үшін айыпқа ілінген. Бұл туралы композитор Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтты. 

Қалдыбек Құрманәлі бұл өмірде көп рет ғашық болғанын растады. Бұған дейінгі бір сұхбатында, некеден тыс балалары бар екенін, алайда олардың нақты санын білмейтінін айтқан еді. Алайда композитор қыз зорлағанын жоққа шығарып отыр. Айтуынша, бұл оған күйеуге шыққысы келген келіншектің жапқан жаласы. 

"Бір келіншек маған тиіп алмақшы болып, мені зорлады деп сотқа берді. Көбінесе төбелес үшін, сосын бір жолы шабуыл жасағаным үшін үстімнен іс қозғалған.



Бұзақылық өте көп менде. Бір журналистпен де боқтасып, соттастым. Мұның бәрі болған нәрсе, бірақ дәлелденбеген", - деп ағынан жарылды Құрманәлі.

Айта кетерлігі, өзі соттасқан журналисттен композитор ақырында кешірім сұраған.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр