Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалайтындар ақымақ өшуіңді": Гүлзира Айдарбекованың жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына арналған видеосын бөлісті. Аталған видеода ақын Бақдәулет Арыстанның өлеңдері оқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Нұртас

«Алла ғұмырлы өмір берсін!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова видеоның тұсына. 

Ақынның туындысы «Жаралы жанның әніне» деп аталады. 

«Алаңдаймын бір жанды күндері үшін,
Ел аузында естіліп жүргені үшін.
Қазағымның жұлдызы жарқыраған
Әрине, Қайрат Нұртас бір мен үшін.

Белгісіз қайда барад ой тереңі,
Жаратқан бақ бермесе қайтер еді?
Бәйтерек сәні болса Астананың,
Ал Қайрат жас әншілер Бәйтерегі.

Қозғайды жүректегі жатқан әнін,
Тілеймін Алла сені сақтағанын.
Сен қазақтың баласы болғаны үшін
Мен сенімен марқайып мақтанамын.

Артта қалып өмірдің өткелдері
Әніңмен тербегенсің от кеудені.
"Арман" деп арманына жеткен әнші,
Ауырмайды жүрегі көптен бері.

Жақсылыққа жетеле қос ініңді,
Қалайтындар ақымақ өшуіңді.
Маматайын әніне қосқан жігіт,
Сұранамын тағы да өсуіңді...

 

Қуанам, сені бәрі мойындаса,
Айта алмай кетемін бе ойымды аша.
Анашыңды жаныңа отырғызып,
Әкеңнің жүзге толған тойын жаса.

Мен сенің бауырыңмын маған қара?!
Жүрек пен өнер берген саған дара.
Жұрттардың жамандайтын Қайраты бар...
Ол сен емес бауырым алаңдама.

Жауынан жеңілмейді досы барлар
Біреулер өтірігін қосып алдар.
Сені жаксы көретін, түсінетін
Жанашыр көрерменің осы жандар...

Дақ түспесін бауырым ажарыңа
Ілінсеңде халықтың назарына.
Қайрат Нұртас жүрегі завод оның
Тек хит әндер шығарған қазағына.

Сақталдың әнші болып ел есіне,
Сен мінгенсің өнердің кемесіне.
Жетістігің сен үшін баспалдақ па?
Онда сен үлгересің төбесіне...» - делінген өлең мәтінінде. 

Сондай-ақ, ақын айтарының көп екенін, тек оны қысқартқанын жеткізген-ді. Желі қолданушылары өз кезегінде әншіге жарыса ұзақ ғұмыр тілеп жатты. 

Талқылау