"Қалай жауап береді деп ойладыңыздар?": Жұманғарин отставкасы туралы сұраққа үш рет жауап беруге мәжбүр болды
Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында салық реформасына қатысты жағдайға байланысты отставкаға кету жоспары туралы сұраққа жауап берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифинг кезінде Салық реформасына байланысты отставкаға кететін ойыңыз бар ма деген сұрақ Серік Жұманғаринге үш рет қойылды.
Алғашқы рет министр жауаптан жалтарса, екінші рет жауап бергенде кім қандай жауапкершілікке тартылатынын Президент шешетінін айтты.
"Бүгін бұл сұрақты маған бірнеше рет қойып жатыр. Бұл сұраққа мен қалай жауап береді деп ойладыңыздар? Шенеуніктің отставкаға кетуіне белгілі бір жағдайлар себеп болады. Шенеуніктің әкімшілік жауапкершілігі және заңмен көзделген басқа да жауапкершілік түрлері бар", – деп жауап берді Серік Жұманғарин үшінші рет қойылған сұраққа.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы депутаттардың ұсынысына пікір білдірген болатын. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жылу және электр энергиясының тарифтері алдағы уақытта өсетінін айтты.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
