AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалай өмір сүруге болады?”: Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекаға үй алған тұрғындар шу шығарды

Алматыда жаңа салынған тұрғын үйлерге көңілі толмаған халық саны күннен күнге артуда. Көбі мемлекеттік бағдарламамен 25 жылға ипотекалық несие рәсімдеп алған. 7-20-25 жобасының шапағатын көре алмай отырған «Шұғыла» ықшам-ауданының жұрты да түнделетіп шу шығарды. Су жаңа баспаналарына бір жыл бұрын кірсе де, сулары лас, газдары жоқ, жарықтары екі күннің бірінде сөнеді. Онсыз да бар тіршілігі бір тоққа байланған бұқара қолданып та үлгермеген техникамыз күйіп жатыр, дейді.

"Қалай өмір сүруге болады?": Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекаға үй алған тұрғындар шу шығарды

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

Сан сұраққа жауап таппаған тұрғындар әбден ашынып, түннің бір уағында жаппай көшеге шықты. Өйткені, екі күн жарықсыз отырып, нәр тартпаған. Жаңа үйге қоныстанғанымен, қоныс тойын тойлауға еш жағдай жасалмаған, дейді. Әйтпесе, баспанаға көбі мемлекеттік “Нұрлы жер” бағдарламасымен қол жеткізген. Жарнамасы жер жарған соң, Шұғыланың саясын көреміз депті. Алайда…

«Биодәретхана болды. Су болмаған уақытта су таситын көлікпен су келеді. Екі тәулік болды жарық жоқ бізде. Қалай өмір сүруге болады? Айта алмаймын. Жұрттың бәрі шулап бітті. Бізді қойшы, кішкентай балаларға обал ғой», – дейді тұрғын Бақтыгүл Оспанова.

Халық бұнда былтыр мамыр айында көшіп келген. Жеті тұрғын үйде 72 пәтер, 500 отбасы бар. Бәрі кір жаятын жіпше салбырап тұрған аспалы тоқ сымдарының астынан өтіп, жандарын шүберекке түйіп жүр. Күзде ойын баласы тоққа түскелі тіпті үйлеріне бүкіл ғимаратты айналып кіруге мәжбүр. Газ болмағандықтан бар техника бір тоққа қарап қалған. Ескертусіз өшкен соң, біразы су жаңа құрылғыларымыз істен шықты, дейді. Бірақ, мардымсыз шам мен су үшін әкесінің құнын сұрайды деп ашулы.

«Ыстық суды 577 теңге деді. Жылуды 289 теңге деді. Ондай қала ішінде жоқ қой мысалы», – дейді тұрғын Ғалия Ермакова.

Бір жыл емес, несиені 25 жылға рәсімдеген жұрт әуелгіде құрылыс компаниясы “бәрін қатырамыз” деп уәдені үйіп төкті, дейді. Енді не шенділер не өздері ұстатпайды екен. Жанында тағы зәулім ғимараттар бой түзеуде. Тоқтың күші сонда кетуде дейді. Әбден ызыланғандар түнде баспанасын тұрғызған фирма кеңсесіне«жартылай бітпеген үйді неге саттыңдар» деп баса көктеп кірді.

Әли мырзаның өзі 49 күннен кейін газ қосамыз деп уәде берді. Сіздер көшіп келгенде де бүкіл подъезд толсын, газға қосамыз дегенсіздер. Міне не газ жоқ, не свет жоқ. Бізге сіздер тамақ әкеп жатсыздар ма?

Сөйтсе, Шұғылада 42 тұрғын үй салынуда екен. Оның жетеуін халыққа “Нұрлы жер” бағдарламасымен таратылған. Компания өкілі ғимараттардың тек қаңқасын жасау біздің мойында, қалғанын әкімдік өзі тарту керек, дейді. Қайта жұрт маған рахмет айтсын, құрылысқа арналған тоқпен қамтамасыз етіп отырмын деп шығарып салды.

«Біздер осы үйді саламыз. Қалғанының бәрін “Нұрлы жер” бағдарламасымен әкімдік тарапынан тендер ойнатылып, жеңген мекемелер суын, газын, жарық жүйесін жасап береді», – дейді құрылыс компаниясының өкілі Әли Тасенов.

Елбасы шенділердің 7-20-25 бағдарламасы іске аспай жатыр деп шаңын қаққан соң, атқамінерлер асықты ма, әйтеуір сырты бүтін, ішінде түк жоқ үйге тез кіргізген тұрғындарды. Оны мойындайды да. Аспалы сымдар жақын арада алынады, тендер енді ғана ойнатылып бітті, дейді.

«Жобаға сәйкес электр қуаты бойынша кемшіліктер болып, трансформатор ауыстырылып, жаңадан құжаттамалар алынды. Енді 1-1,5 ай көлемінде жұмыстар жүргізіледі», – дейді Наурызбай

ауданы әкімшілігі коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров.

Үш мердігер компания үш жүйені жеке-жеке жасайды. Жұрт шыдау керек екен. Тағы алты тұрғын үй халыққа үлестіріліп үлгерген осы бағдарламамен. Олар да сорлап қалмаса, дейді көршілері. Бұл Алматыдағы «Нұрлы жердің» нұрын көрмей отырған бірінші кешен емес. Сапасы сын көтермейтін жаңа үйлерге халық 25 жыл еңбегін 7 пайызбен төлеуге мәжбүр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр