Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалай келгені есінде емес: БҚО тас жолында үсіп қалған келіншек табылды

Батыс Қазақстан облысындағы Саратов тас жолында аязда қалған әйел табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел тас жолға қалай келгенін білмейді. Келіншекті күзет фирмасының қызметкерлері тауып алып, жергілікті полиция бөліміне жеткізді. 

"Олар Саратов тас жолымен келе жатып, жолдан әйелді көрді. Олар жолдың бойында жатқан келіншекті үйсіз біреу екен деп ойлаған. Тіпті біреу соққыға жығып кеткен шығар деген де нұсқалар болған. Бірақ келіншектің мас екені анықталды. Ол тоқтамай жылап, күзетшілерді қорқытқан", - дейді полиция басқармасындағылар. 

Келіншектің қолында ұялы телефоны болған. Тәртіп сақшылары әйелдің отбасы - күйеуі және екі баласы бар екенін анықтады. Ол арыз жазудан бас тартты, артынша оны туыстары алып кетті.

Келіншек мейрамханаға барғаны ғана есінде екенін айтты. Тас жолға қалай келгені оның есінде жоқ. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қаңтар, 2021 15:48
Талқылау