Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалай ауырмауға болады: Тұмауға қарсы 7 тәсіл

Елімізде көп ұзамай күн суытып, тұмау маусымы басталады. Адам баласының тұмау және ЖРВИ-мен күресуіне өмірінің 6 жылы кетеді екен. Тамағы мен басы ауырып, жөтел қысып, төсек тартып жата берген, әрине, кім-кімге де ұнамайды.

Sick Woman. Flu. Woman Caught Cold. Sneezing into Tissue

Жылдың осы мезгілінде адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп, кейбір мәселелерді ескергені жөн, деп жазады baq.kz.

1. Міндетті түрде ұйқыңыз қанық болсын

Тәулігене 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар тұмаумен 3 есе жиі ауырады екен. Жұмыс күндері ұйқыңызды қандыра алмасаңыз, демалыс күндері ұйықтаңыз. Жұмыс күні аяқталған соң, дұрыстап тынығуға тырысыңыз. Тек ұйқыңыз тыныш болу үшін ұйықтататын дәрілердің көмегіне жүгінбеңіз. Бұл таблеткалар – иммунитеттің жауы. Есесіне ұйықтар алдында серуендеп келіңіз немесе ортопедиялық жастық сатып алыңыз.

2. Диета ұстамаңыз

Қыста организм суықтан қорғану үшін белгілі мөлшерде май жинайды. Егер сіз сол майлардан арылсаңыз, бірінші кезекте иммунитет зардап шегеді. Лимфоциттердің және макрофагтардың қабырғалары – біздің қорғаныш жасушаларымыз – липидтерден, яғни майдан тұрғандықтан, майсыз диеталар зиян.

Маусымдық тұмау эпидемиясы кезінде азық-түліктердегі калория мөлшерін тіпті арттырып, дәрумен-минералды кешендерді алу қажет. Әсіресе селен және мырыш пайдалы. Бұл микроэлементтер иммунитетті нығайтады.

Есте сақтау қажет: Қыста тағам құрамында ақуыз көп болу керек. Егер арықтағыңыз келсе, онда наурыз айының ортасынан бастап диета ұстаған жөн.

3. Бірақ тым артық салмақ та қоспаңыз

Майдың артық мөлшерде болуы иммуниттетті төмендетіп жібереді. Ақуыздың көп мөлшерде болуы бүйрек пен асқазан-ішек жолдарына салмақ түсіреді. Қанттың көбеюі семіздікке әкеп соғады. Аса семіздік пен аса арықтық иммунитетке өте зиян.

4. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын

Егер сіз күйзелісте немесе көңіл-күйіңіз болмай жүрсе, суық тигізіп алу, тұмау жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар адам жұмысбасты болып, күндіз-түні жұмысқа беріліп кетсе де тұмауды тез жұқтырады. Сондықтан тынығыңыз, бір-екі күн өзіңізге демалыс жариялаңыз.

5. Белсенді болыңыз

Мамандар жоғары жүктемелер кезеңінде спортшылар арасында кейбір иммуноглобулиндердің жоғалып кететінін айтады. Организм өзінің бар күш-қуатын жеңіске жету жолына арнайды, бұл кезде организм жұқпалы аурулардан қорғануды тоқтатады.

Соның кесірінен спортшылар жиі ауырады.

Есте сақтаңыз: маусымдық тұмау кезінде ауыр жаттығулар иммунитетті төмендетеді. Қыс мезгілінде тренажерға барғаннан гөрі йога, пилатес, спорттық билерге қатысқан жөн.

6. Шынығыңыз

Салқын душ пен аяқты салқын не ыстық сумен жуу да өз пайдасын тигізеді. Бірақ дәрігерлер салқын суға түсуге тым әуестеніп кеткен де дұрыс емес дейді. (мұздай сумен құйыну, қыста өзенге шомылу)

Қолыңызды сабымен жуыңыз

Қолыңызды әрдайым сабынмен жууға мүмкіндік болмаса зарарсыздандырғыш майлықпен сүртіңіз. Салқын тигеннен болатын аурудың 90 %-ы қол арқылы жұғады екен. Қол алысып амандасқанда, есік ашқанда, қоғамдық көлікте тұтқалардан ұстанған кезде.

7. Қол орамалын тастамайтын адам вирустың қалдықтарын жұқтырады. Ол сол қолымен әр нәрсені ұстап, вирус жұқтыруы мүмкін.

Есте сақтаңыз: жұмыс уақыты кезінде қолын кемінде 5 рет антибактериялық гельмен сүрткен адам тұмаумен де аз ауырады және көп жөтелмейді.

Тағы да оқыңыз:

Қандай өнімдер жүйке жүйесін тыныштандырады

Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

 

 

Талқылау