“Қалаулым” шоуында кореялық азамат қазақ қызына үміткер болып келді

“Қалаулым” шоуында қызық оқиға орын алды. Айя есімді қазақ қызына Оңтүстік Кореялық азамат үміткер болып келді. 40 жастағы кәсіпкер қазақ қыздарының сұлулығына қызыққанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол қазақ қыздарының отбасы мен бала тәрбиесіне жақын болатынын естіп келгенін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Қалаулым" шоуында кореялық азамат қазақ қызына үміткер болып келді

Өзін Че Чан Хо деп таныстырған азамат Сеул қаласында тұрады екен. Кәсіпкер жігіт косметика өндірумен, сондай-ақ, Орталық Азияға автокөлік жеткізумен айналысатын көрінеді.

“Қазақстан жайлы көп білмеймін. Бірақ алыс туыстарым Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және Қазақстан туралы көп біледі. Менің де естуім бар. Білуімше, мұнда кәрістер көп. Қазақстанда әлемдегі ең сұлу қыздар тұрады дегенді естіп, келіп отырмын”, – деген азамат Айяны тек суреттен көргенін айтты. Кәріс қыздарына қатты ұқсайтынын атап өтті.

“Мен оның желідегі парақшасын зерттедім, өте белсенді екен. Маған өте қатты ұнады”, – дейді кореялық азамат.
Алайда екеуінің жас айырмашылығы 20 жыл болғандығы Айяның көңіліне қонбады. Ол ата-анасының пікірін білу керектігін айтты.

Че Чан Хо өз кезегінде қазақ қызына үйленген жағдайда, екі елде де тұратынын атап өтті. Ол бұрын-соңды отбасын құрмағанын, балалары жоқ екенін мәлімдеді. 40 жасқа дейін бойдақ болып жүруінің себебін жұмысбастылықпен түсіндірді.

“Әрі Кореяда бұл соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналған. Жастар үйленуге асықпайды”, – деп түсіндірді ол.
Че Чан Хо қазіргі таңда Кореяда аралас некеге жақсы қарайтынын атап өтті.

“Қазақстан мен Кореяда отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер ұқсас. Қазақ қыздары сияқты кореялық қыздар да отбасы мен балаларға жіті мән береді, ата-ана мен үлкендерге құрметпен қарайды. Сондай-ақ, мұнда балалардың біліміне көп мән беріледі. Маған сол жағы қатты ұнайды”, – дейді ол.

“Қалың мал” жайлы сұраққа Че Чан Хо: “Біз қыздың туыстарына сыйлық береміз”, – деп жауап берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KalaulymShow (@kalaulymshow)

Сеул тұрғыны Орталық Азия жайлы ғаламтордан қызықты мәліметтер іздегенін, сол кезде “Қалаулым” шоуына тап болғанын айтты. Ал қазақ қызына үміткер болып келгенін анасы біледі екен. Ол болашақта қазақ қызына үйленген жағдайда, балаларына кәрісше де, қазақша да есім беретінін атап өтті.

“Кореялық қыздарға айтар мінім жоқ. Тек қазақ қыздары жайлы көп естігенмін. Олар отбасыға жақын, балаларға жақсы қарайтынын білемін”, – деп түсіндірді ол.

Айя алыстан ат терлетіп келген Че Чан Хоға мүмкіндік беріп, онымен кездесуге келісім берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр