AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қалаулым» шоуында балалы жұп шаңырақ көтерді (видео)

Ақерке есімді бойжеткен «Қалаулым» бағдарламасына келіп, өзінің басынан өткен қиыншылықтарды айтып қазақстандықтардың көңілін босатқан еді. Әкесіз бала тауып, оны жалғыз өсіріп жатқан қыз бағдарламаға осы ұлына әке іздеп келген. Алайда бүгінде баласының туған әкесімен қайта көңіл қосып, бағдарламада дүркіретіп тойларын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қалаулым» шоуында балалы жұп шаңырақ көтерді (видео)

Ендігі бір жасқа келген ұлы бар екенін естіген Ақеркенің бұрынғы жігіті онымен қайта көңіл қосуға шешім қабылдап, қыздың ата-анасының алдынан өткен.

Мұндай ерекше жұптың тойын «Қалаулым» бағдарламасының ұжымы тікелей эфирде өткізді. Ал бұл тойдың ерекшелігі жастар үстелінде екі қос ғашықтан бөлек олардың сүйкімді ұлдары отырды.

Нұрболат пен Ақеркенің тойларына қонақ болып олардың достары мен туыстары келді. Сонымен қатар, жастарды құттықтауға келген Нұрлан Еспанов екі жасқа ізгі тілектерін білдіріп, өзінің керемет әнін орындап берді.

Естеріңізге салсақ, кезекті материалымызда Нұрболат пен Ақеркенің махаббат хикаясы туралы жазған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр