"Қалаулымда елді қырылыстырғаны үшін бе?": Аша Матай ұлттық рухты көтерудегі қызметі үшін марапатталды
Қазақстандық әнші және актриса Аша Матай ұлттық рухты көтерудегі қызметі үшін «Матай Бөрібай батыр» медалін алды.
Ол алған төсбелгіні барлық марапаттардың ішіндегі ең қымбаты деп атады. Аша өзінің Instagram парақшасында қызықты жаңалықтарын бөлісті.
«Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен марапатталдым. Төс белгіде Ұлттық рухты көтерудегі қызметі үшін деп жазылған. Өзімнің инста достарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді.🤩Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін «Матай Бөрібай батыр» қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым» - деді актриса.
Ол медальдің артқы жағында қасқыр бейнеленгенін атап өтті.
Желі қолданушыларының бірі жаппай құттықтап жатыр. Енді бірі қандай еңбегі үшін марапатталғанын түсінбей дал.
"Қалаулым үшін бе? Ұлттық рухты түсірген үшін шығар? Ақшаға сатып алған ғой! Қандай еңбегі сіңді?!", "Ұлттық рухты көтеретіндей не істедің?", "Қалаулымды жүргізіп елдерді қырылыстырғаны үшін берген бе?", "Құтты болсын, ел алдында жүрген қыз ғой", "Еңбегі бар болған соң берген шығар, артық сөйлемейік", "Құтты болсын, биіктен көрін", - деп жазды олар.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
