Қаламын алғаны үшін ашуланған әкесі 10 жасар қызын шөл далаға апарып тастаған
Америка азаматы Кристофер Вотсон 10 жастағы қызымен ұрысып қалып, оны айдаладағы шөл далаға апарып тастап кеткен.
Олардың ұрысуына қыздың әкесінің қаламын алып орнына қоймағаны себеп болыпты. Әкесінің ашуланғаны сонша қызын көлігіне отырғызып алып, сусыз-ассыз айдалаға апарып тастап кеткен.
Қызы аптап ыстық астында қалады. Қуанышқа орай сол жерде көлігімен өтіп бара жатқан әйел полицияға хабарлаған. Полицейлер әкесінен жауап алғанда, ол 15 минуттан соң қызын іздеп барғанын, бірақ таба алмай қайтқанын айтқан. Сот 4 тамызда Кристофер Вотсонға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
Тағы да оқыңыз:
Әйелі қайтыс болған полицейдің ұрығын сақтап үш жылдан соң қыз босанды
Қытайда ер адам елес сияқты киініп, ұрлық жасауға талпынды (видео)
Келіншек қатерлі дертпен ауырам деп өтірік айтқаны үшін сотталды
Талқылау