Маңғыстау облысында Қаламқас кен орнының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
Маңғыстау облысында Kunan Service және Akadi Holding ЖШС компанияларының 150-ге жуық жұмысшысы айлықтарының бір жарым есеге өсіруді талап етіп, шеруге шықты. Сондай-ақ олар қос компанияның бірігуін сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/Lada.kz
11 қыркүйек күні ереуілге шыққан жұмысшылар "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ және "ҚазМұнайГаз" басшыларымен кездескен, алайда келіссөздер еш нәтиже бермеді.
“Біз Kunan Service және Akadi Holding ЖШС компанияның бірігуін, сондай-ақ жалақының 50 пайызға өскенін қалаймыз. Сонымен қатар бес кәсіби мерекеге 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сыйақы берілуін сұраймыз. Одан бөлек еңбек демалысының ақысы мен зейнетақы төлемдерін уақытылы төлеуін талап етеміз”, – дейді наразылыққа шыққан жұмысшылар.
Бұған дейін Қарағандыда өрт шыққан ферроқорытпа зауытының басшылығы сотталғаны туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты