Шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек беріледі – Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты.

Жұмысшылардың екеуі "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл үшін өңірде жедел штаб құрылған.
Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі "Шығыстүстімет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапқаны туралы хабарлағанын жаздық. Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады. Ал 1 қыркүйекке қараған түні тағы бір шахтер мерт болғаны айтылды.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан