AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қала қоқыстың астында қалуы мүмкін": Өскемен тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымданды

Өскемен тұрғындары қала қоқыстың астында қалуы мүмкін екенін айтып шағымданды. Сөздерінше, қоқыс көбейгенімен, мұнда полигон жоқ. Бұрынғы полигонның экологиялық рұқсат уақыты аяқталып қалған. Мәселені жаңа қоқыс сұрыптау зауыты шешуі керек болған. Алайда зауыт қолданысқа берілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

қоқыс

Қала сыртындағы ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері қоқыс төгетін орынмен көрші болып келе жатқанын айтады. Мұнда жыл сайын 100 мың тоннадан аса қалдық төгіледі. Алайда 2020 жылы полигонның экологиялық рұқсатының мерзімі аяқталған. 

"Бұл сұмдық!. Қоқыстың жанында өмір сүреміз. Полигонды басқа жерге ауыстыру керек. Жел соғып, күн жылыса, жағымсыз иіске шыдау мүмкін емес", - деді Лесхоз ауылының тұрғыны Қыйлымбек Алатай. 

"Мәселені бұрын да көтергенбіз. Тұру мүмкін емес. Қоқысты сұрыптауға уәде берген, алайда жұмыс әлі басталған жоқ", - дейді Зубайла Оразаева. 

Қала билігі қоқыс мәселесін қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасы арқылы шешпек болған. Қоқыс жинау үшін бөлек контейнерлер дайындалған. Алайда сұрыптайтын орын жоқ. Қалада құны 2 миллиард теңге болатын зауыт әлі қолданысқа берілмеген. 

"Ғимараттың негізгі бөлігі жабылды. Қалған 20%-ын жабу керек. Материалдар келді, алдағы аптада толық жабылады", - д едіжер телімінің шебері Жасұлан Сманов. 

Бастапқыда сұрыптау зауыты мен қатар қоқыс өртеу зауытын салу жоспарланған. Алайда белсенділердің наразылығынан кейін нысанды қала сыртына ауыстыру туралы шешім қабылданыпты. Әзірге нақты орыны белгісіз. Ал жаңа полигонды 2 жылдан кейін ашу жоспарланыпты. Полигон өзге ауданда ораналасады. Белсенділер бұл да мәселені шеше алмайтынын алға тартты. 

"Қоқысты облыс орталығының басқа бөлігіне ауыстыру керек, Бұл екі есе трафик, жанармайға шығын көбейеді. Жүргізушілердің жалақысы да бар. Мұны кім төлейді?" - деді белсенді Роман Честных. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр