Қақырығыңыздың иісі мен түсіне қарап қандай дертке шалдыққаныңызды білуге болады
Қақырықтың түсінен, пішінінен, иісінен, мөлшерінен, адам денесінде пайда болған аурулардың белгісін байқауға болады.
Қақырықтың түсі:
Сау адамның қақырығы түссіз немесе ақшыл болады. Егер қақырықта онан басқа түс пайда болса, оны белгілі аурудың белгісі деп білген жөн. Айталық қақырық жасыл түсті болса бұл сары аурудан, өкпенің үлкен бөлімі қабынуынан, өкпені жасыл іріңді таяқша бактерияның инфекцилауынан пайда болады. Ал қызыл түс қан немесе қан белогынан пайда болуы мүмкін. Мұндай белгі өкпе рагы, өкпе тубуркулезі, өкпе қан сорғыш құрт ауруы, тыныс жолы кеңею, тыныс жолы қабыну, өкпе жедел сулы ісігі қатарлы ауруларға шалдыққандарда көп болады. Қан қызыл қақырық өкпе тубуркулезінің алғашқы кезінде пайда болады. Алқызыл көпіршік қақырық жедел сулы ісігінің белгісі. Егер қақырық қара түсті болып келсе ол ұзақ уақыт темекі тартқандарда немесе шаң-тозаңның ішінде жүргендерде көп болады. Ал қоңыр түсті болып келсе ол созылмалы өкпе қанталау сипатты жүрек ауруының белгісі.
Қақырықтың формасы:
Жабысықақ қақырық. Бұл жабысқақ мөлдір қақырық тыныс жолының жедел қабынуы, өкпе қабыну, вирустық өкпе қабыну ауруларының белгісі.
Іріңді қақырық. Сары немесе жасыл сары, ірің клеткалары мен өлеттенген ұлпалардың ұнтағы мол ілескен қақырық тыныс жолы қабыну, өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею қатарлы аурулардың белгісі.
Қанды қақырық. Бұл өкпе тубуркулезі, тыныс жолының кеңеюі, өкпе үлкен бөлімінің алғашқы қабынуы, тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жол-өкпе рагы қатарлы аурулардың белгісі.
Қақырықтың иісі:
Қанды күлімсі иіс өкпе рагы, өкпе тубуркулезі қатарлы ауруларда кездеседі. Өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею, соңғы мезгіліне өткен қатерлі өкпе өспесі қатарлы ауруға шалдыққандардың қақырығы жиркенерліктей сасық болады.
Қақырықтың мөлшері:
Қақырықтың бірте-бірте молаюы тыныс жолының жедел қабынуы ауруынан пайда болады. Ал айқын түрде молаюы тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жолы кеңею, өкпе іріңді ісігі, тесілу сипатты өкпе тубуркулезі, өкпе сулы ісігі қатарлы аурулардан пайда болады, деп жазады Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.