AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кафелердің жұмыс уақыты қысқарады: Нұр-Сұлтанда карантин тағы күшейтілді

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себепті карантин тағы да күшейтіледі. Карантиндік талаптардың сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

кафе

Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылады.

Сонымен қатар 4 шілдеден бастап "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады.
Сондай-ақ жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

"Ashyq" жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал “Ashyq” жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.
Қалада қатаң карантиндік шараларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы күшіне енеді. Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады (“Ashyq” жобасының тәртібі бойынша театрлардың 20%-дан аспайтын толуын есепке алмағанда).

Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр