Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қадыров Путинді Ресейдің өмірлік президенті етіп тағайындауды ұсынды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Владимир Путинді Ресейдің өмірлік президенті етіп тағайындауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадыров Путин

"Мен әрдайым айтамын: біз Владимир Путинді өмір бойы президент етіп сайлауымыз керек. Бүгінде оны кім алмастыра алады? Әлемдік деңгейдегі осындай саяси көшбасшыны. Біз оны мақтан тұтуымыз керек", - деп мәлімдеді коронавируспен күрес жөніндегі республикалық жедел штаб отырысында Қадыров.

Оның айтуынша, бүгінде ресейліктер құқықтық мемлекетте тұрады.

Айта кетейік, Ресейде келесі президенттік сайлау 2024 жылдың 17 наурызында өтеді. Президент Владимир Путин аталған сайлауға қатыса алмайды, өйткені ол екінші рет қатарынан президент болып отыр. Алайда, егер конституциялық түзетулер 2020 жылғы жалпыхалықтық дауыс беру нәтижелері бойынша қабылданса, шектеулер алынып, Путин сайлауға түсе алады. 

1999 жылғы 31 желтоқсанда Ресей президенті Борис Ельциннің шешімімен Владимир Путин Ресей Федерациясының президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. РФ-да бірінші президент сайлауы 2000 жылдың 26 наурызында болды. 2004, 2012 және 2018 жылдары мемлекет басшысы лауазымына қайта сайланды. 2012 жылғы сайлау алдында президенттік өкілеттік мерзімі 4 жылдан 6 жылға дейін ұлғайтылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 18:57
Талқылау