Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қадыров коронавирус салдарынан ақшасыз қалған Шешенстан азаматтарына қалыңдығының қалың малын өтеу үшін 50 мың рубльден бөлді

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қалыңдығының қалың малын өтеуге ақшасы жоқ, карантиннің салдарынан табысынан айырылған 207 күйеуі жігітке ақша бөлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Бұл қаражат Ахмет қажы Қадыров қорынан бөлінетін көрінеді

Әрбір күйеу жігіттің отбасы 50 мың рубль (шамамен 290 мың теңге) иеленеді екен. Бұл ақша мұсылмандық шарттары бойынша қалың малды өтеуге жұмсалуы қажет. 

Бұған қоса карантин кезінде қыз ұзатуға жігіт тарапынан тек екі көлік бара алатыны айтылыпты. 

Атап кетерлік жайт, Шешенстанда коронавирус пандемиясына байланысты сәуір айынан бастап мұсылмандық салт-дәстүр бойынша неке қиюға тыйым салыныпты. 25 мамырда бұл шектеу алынған, десек те тойды дүркіретіп өткізуге әлі де болса рұқсат берілмеген. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр