Кабул әуежайында зымыран шабуылы болды
Шетелдік БАҚ Ауғанстан астанасы аумағында зымыран шабуылы болғанын хабарлады. Бұл жолы Кабул әуежайы оққа ұшты.
Дүйсенбі, 30 тамыз күні Ауғанстан астанасының халықаралық әуежайына бес зымыран ұшырылғанын хабарлайды РИА Новости.
Мәліметтер бойынша, шабуыл қаланың солтүстік бөлігінде болған. Куәгерлердің айтуынша, зымырандар әуежай маңындағы Салим Карван аймағына түскен.
Басылымның хабарлауынша, барлығы бес зымыран ұшырылған. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, олардың төртеуі АҚШ-тың C-RAM әуе қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілген. Олардың бірі өз мақсатына жетті деп болжануда.
Америка Құрама Штаттарынан зардап шеккендер болған жоқ. Соққылардың артында кімдер тұрғаны және бейбіт тұрғындардың құрбан болғандары әлі белгісіз.
Кабулда америкалық ұшақтың соққысынан бір отбасының 6 баласы мерт болды
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”