Қабырғасы сынған: Кейуананы үйінен күштеп шығарған полиция қызметкері жұмыстан кетті

Фото: Видеодан скрин
Ішкі істер министрлігі Алматы облысында 77 жастағы әжеге жабылып, кейін оны бар күшімен итеріп жіберген полиция қызметкерлеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғау органдары күш қолданған кейуананың қабырғасы сынған.
“Оқиға Алматы облысындағы Өтеген ауылында қазан айының басында болған. Мәжбүрлеп көшіру кезінде полиция қызметкері 77 жастағы әжейді итеріп жіберген. Әйел темір тұтқаға соғылып, ауырсынған. Кейін дәрігерге көрінген оның қабырғасы сынғаны анықталды”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Оның айтуынша, әжейді итерген полицей қызметінен босатылды. Сондай-ақ оның тікелей басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталды.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері 77 жастағы әжеге жабылып, кейін біреуі қарияны қатты итеріп, қабырғасын сындырған видеосы тараған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген