AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғалар жарылып, тереземіз сынды": Ақтауда тұрғындар ірі сауда үйінің құрылысына қарсы шықты

Ақтауда тұрғындар сауда үйінің құрылысына шағымданды. Сөздерінше, құрылыс жұмыстары салдарынан жанындағы бес қабатты үйдің қабырғалары мен бетон бағаналары жарылып кеткен. Адамдар өз өмірлеріне алаңдайды. Себебі жобаны іске асыру кезінде қателіктер жіберілгенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

құрылыс

Ақтау тұрғыны Михаил Петросян ауыр техника жұмысы салдарынан терезесі сынып, үйінің қабырғасы жарылғанын мәлімдеді. 

"Ұйықтау мүмкін емес, жұмыс таңғы 8-8:30-дан басталады. Үй ескі, құлап кете ме деп қорқамын. Әйелім күнде жарықтың қаншалықты үлкейгенін есептейді. Бір сантиметр – бір күн", – дейді Михаил Петросян. 

"Бізде бетонды беларқа құлап жатыр. Кен балғасының дірілінен үй қоса қозғалады. Барлығы опырылып түсіп жатыр. Жақында үлкен үйінді құлады, бір жерде жарылыс болған екен дедік. Кейбірінде есік жақтаулары да құлап жатыр", – деп қосты Мария Смайлиева. 

Үй тұрғындары өздерін алдап кеткеніне де шағымданды. Бастапқыда көрші тұрған ғимараттың сауықтыру-көңіл көтеру орталығы болатынын айтыпты. Кейін ғимараттың ойын-сауық орталығы екенін білген. Тұрғындар жобадағы өзгерістің қаншалықты заңды екенін білгілері келеді. Ал тапсырыс берушілер барлығы таза екенін мәлімдеген. 

"Заң аясында барлығы дұрыс. Бірінші сараптама жүргіземіз, екіншіден, бұрғылау жұмыстарының уақытын жұмыс күндері 9:00-18:00 аралығына ауыстырамыз", –  деді қонақүй басшысы Раушан Хамитова. 

Нысанда геодезиялық жұмыстар аяқталған екен. Сараптама құрылыс нысанының көрші ғимараттарға зияны жоқ екенін көрсеткен. Сонымен қатар құжат бойынша бастапқыда расымен сауықтыру орталығы салынуы керек болған. Алайда жер телімнің кадастрлік нөмірімен бірге құрылыс мақсаты да өзгерген. Шенеуніктер мұның заңды екенін айтып сендірді. 

"Бізге сараптама нәтижесін алып келді, мұнда құрылыс жұмыстарына ешқандай тыйым сала алмаймыз. Өзіміз сараптама жүргізбейміз. Қорытындыда құрылыстың үйлерге ешқандай зиян тигізбейтіні көрсетілген. Геологиялық жұмыстар жауапкершілігін жауапты коммпания өз мойнына алады", –  деді Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әлібек Кеңесұлы.

Ал тұрғындар құрылысты тоқтатып, тағы бір сараптама жүргізуді талап етуде. Сонымен қатар олар комиссия құрамына тұрғындарды қосуды сұрады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр