Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғаға басын ұрған": Алматыдағы қонақүйде аяусыз өлтірілген бір жастағы қыздың өліміне қатысты мәліметтер белгілі болды

Алматы прокуратурасы қаладағы қонақүйлердің бірінде бір жастағы қызын өлтірген әкеге қатысты айыптау актісін шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Баракат Мохамед

"Қабырғаға басымен ұрып, жансыз денені есіктің жанына қойған" - бұл айыптау актісінен үзінді.

Қайғылы жағдай өткен жылдың қазан айында оңтүстік астананың 5 жұлдызды қонақүйінде болған. Кісі өлтірді деген күдікпен қыздың әкесі Баракат Мохамед ұсталды. Ол Hong Kong Air Cargo авиакомпаниясында пилот болып жұмыс істеген және 22 жастағы қазақстандық азаматшаға үйленген.

Айыптау актісінің материалдарына сәйкес, сәбиді жауыздықпен өлтірудің себептері ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал, алкоголь және есірткі болды. 42 жастағы Мохамед Баракат шетелдік әуекомпанияның жүк ұшағының ұшқышы болып жұмыс істеді. Сол күні ол Алматыға ұшып келіп, өз отбасымен кездесті.

Телеарнаның ақпараты бойынша, дәмханадағы кездесуде ішімдік ішкен. Әйелін бір жасар қызымен бірге қонақүйге жіберген шетелдік азамат бастаған ісін ары қарай басқа мекемеде жалғаcтырған. Мереке Мұхаммед үшін кеш таңғы 7-де аяқталды.  Сол кезде ол ұшақты бқл күйінде қалай басқаратынын ойлады. Ер адам әйелінен көмектесуді өтінген, зайыбы әуекомпанияға қоңырау шалып, жұбайының ауырып жатқанын хабарлады. Бұл күдіктінің ашуын тудырды. Ол әйеліне жұдырық ала жүгірген.

Осы кезде ата-анасының айқайларынан сәби оянды. Әкесі ашуын баладан алған. Қыздың аман қалуға мүмкіндігі болмады, оны сот-медициналық сараптама растады.

"Оған қонақ үй қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері көмектесуге тырысты, бірақ сағат 9:30-да сәбидің жүрегі тоқтап қалды. Баланың денесінде көптеген жарақаттар болды. Медицина қызметкерлерінің қорытындысын оқу оңай емес. Сәбидің басы мен аяқ-қолының барлық сүйектері сынып, миы езілген", - делінген сюжетте.

Адам өліміне қатысты күдікті тергеу және сот талқылауы кезінде қамауға алынды. Сірә, ол еркіндікке шықпайды. Айыптау санкциясына сәйкес британдық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр