"Қабір қазып үлгермей жатырмыз": Зират қызметкерлері адам жерлеу жиілеп кеткенін айтады
Соңғы уақыттары рәсімдік қызмет көрсету қызметкерлері адам жерлеу жиілеп кеткенін айтады. Жақында желіде таралған жерлеу орындары жайлы видео қазақстандықтарды шошытты. Видеода енді ғана қазылған зираттарды көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.
Алматы қаласы әкімдігінде бұл видеодағы көрсетілген жер Алматыда емес екенін айтты.
"Алматы қаласындағы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты" ЖШС ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін және оның үстіне зират Алматы қаласында орналаспайтындығын хабарлайды", - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Зираттарда аласапыран: кейбіреулер қабірлер қазып жатса, енді біреулер мәйіттерді түсіріп жатыр. Дегенмен, бұл жаңа қазылған жерлеу орындары өте көп жер қай жерде екені әзірге белгісіз. Қазір бұл мәселені өңірлердегі шенеуніктер анықтауда.
Роликтің авторлары оны Алматы облысында түсіргенін айтады. Бірақ облыс әкімдігі бұл ақпаратты да жоққа шығарды.
Ал, алматылық рәсімдік қызмет көрсету бюросының қызметкерлері соңғы уақытта адам жерлеу жиілеп кеткенін айтады. Бұрын күніне 30-дан аспаған көрсеткіш бүгін күніне 80 адамға дейін жетіп отыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
