Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

Елімізге танымал әзілқой Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Қабатова домбырада күй шертіп отырған видеосымен бөлісті. Видеоны көрген желі қолданушылары қайран қалып, оған киелі өнерді дамытуға кеңес берді.

12106027_217508065274899_1158804928_n

Фото: instagram.com/moldir.mt/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мөлдір Қабатова Амангелді ауданының Үрпек ауылында дүниеге келген. 2000 жылы мектепті бітіріп Астана қаласы Қазақ агротехникалық университетінің экономика факультетіне түскен. Әкесі 53, ал анасы 45 жасында қайтыс болған. Мөлдірдің әкесін жұрт 25 жыл ауылда бас экономист, ал анасын талантты музыкашы әрі педагог ретінде біледі.  Отбасындағы алты бала анасының арқасында өнерлі болып өскен.

Отбасылық бағдарламалардың бірін жүргізген Мөлдірдің өнерлі екенін жұрт білсе де, оның домбыра тартқанын көзімен көрген емес. Инстаграм желісінде аспаздығымен таңқалдыратын Қабатова, бұл жолы да қапы қалмады. Ол домбырашылармен қосылып “Балбырауын” күйін тартты.

Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй! 🙈☺️😉#архив

Видео опубликовано Молдир (@moldir.mt)

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары “Не дегенмен Арқаның қызы ғой”, “Торғайдың қыздары осындай болады. Жарайсың, Мөлдір”, “Мына өнеріңмен сахнаға шығуың керек қой”, “Мен сізден мұндайды күтпеген едім” сынды пікір білдірген. Ал архивтегі видеосымен бөліскен Мөлдір ханым өз кезегінде барлығына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.


Оқи отырыңыз:

Мөлдір Қабатова: Тұрсынбек тереземнің алдында үнді әндерін айтып, би билейтін

Көпшілік Қабатовты үнемі қазақтарды әжуалайтын әзілі үшін сөкті

Талқылау