Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабат-қабат үш нәски, қалың жемпір киіп жүрміз". Атырауда карантинге жабылғандар суық үйге орналастық деп шағымданды

Атырауда карантинде жатқан отандастарымыз шағым айтып жатыр. Өздерін жіберген көппәтерлі үй жылуға қосылмағандықтан студенттер суық, жағдайы жасалмаған пәтерге орналастырылдық деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

Ыстамбұлдан келген бір топ жолаушы алғашқыда жергілікті университеттің жатақханасында болған. Келгендердің біреуінен вирус анықталып, карантин мерзімі тағы созылған. Бірақ, бұл жолы жаңадан салынған көппәтерлі үйге жіберген, ол үй жаңа болған соң жылуға қосылмаған.

"Қабат-қабат үш нәски, екі қабат көрпе, қалың жемпір мен шалбар бар, бас киім киіп жүрміз" , - дейді видео авторы, студенттердің бірі.

Студенттердің аналарының бірі балаларға суық тиіп, ауырып қалғанын айтып өз назын білдірді.

"Жаңадан салынған суық үйге апарып, құлттап тастаған. Ішінде ешеңе жоқ. Суық, жаурап жүр балалар. Шәй қойып ішетін газ да жоқ. Балалар жаурап жүр, суық тиіп жатыр. Қазір сау балаларды ауру қылмақшы олар. Атыраудың акиматы", - дейді Назым Әзімова.

Атырау әкімдігі шағымды растаған.

"Тисті мамандар барып жылытқыштар орнатты. Олардың жағдайын жасап, электр шәйнектер мен микротолқынды пештермен қамтамасыз еттік. Интернетте тартылып жатыр. Сондай-ақ, ол жерде күніне екі рет дезинфекция жасалады", - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр