Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сегіз облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыстағы республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Koleso.kz

18 ақпан 21.00-дегі жағдай бойынша:

Абай облысында – 5 автожол, жалпы ұзындығы 1314 км (қар, боран, жел)

1. "Омбы-Майқапшағай" - Павлодар обл.-Қалбатау а. (дизельді қозғалтқыштармен жарақтандырылған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін) Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік үшін), Бұғаз а.-Шығыс Қазақстан обл.шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін);

Дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін:

2. "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" - Аягөз қ.-Бұғаз а.; 

3. "Алматы-Өскемен" - Жетісу обл.шек-Шығыс Қазақстан обл.шек;

4. "Таскескен-Бақты" - Таскескен а.-Үржар а.;

5. "Өскемен-Семей" - Семей қ.- Шығыс Қазақстан обл.шек.

Алматы облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 15 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 7 автожол, жалпы ұзындығы 1268 км (қар, боран, шектеулі көрініс)

1. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шек - Зайсан қ. (барлық көлік үшін).

2. Облыс бойынша, барлық бағыттар бойынша (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін)
Жамбыл облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. "Алматы - Ташкент-Термез" Кенен-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін); 
Жетісу облысында 2 автлжол, жалпы ұзындығы 158 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс, Абай облысы ауа-райының нашарлауына байланысты)

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

2. "Алматы-Өскемен" - Үшарал бұрылысы-Абай обл.шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін)
Қостанай облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Павлодар облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 160 км (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Омбы-Майқапшағай" -Кенжекөл к.-Абай обл.шек (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік үшін)

Cоңғы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 249 бірлік техника және 374 адам жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап үндеу жолдады.

"Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.

Талқылау