«Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», – деп жазыпты премьер-министр.
Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған. Министр: Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал екенін де жеткізген.