Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұйытылған мұнай газының тапшылығы: Қазақстанда неге газ бағасы өсіп кеткен

Газ және мұнай-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев елде мұнай ғаз саласына қатысты бірқатар шектеулер енгізілгені туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қияқбаев елімізде сұйық мұнай газын шығаруға не себепті шектеу қойылғанын атты. Алдағы уақытта сұйық мүнай газына тапшылық туындауы мүмкін екен. Оған қоса шетелге экспорттау көлеңкелі экономиканы дамытады.

"Сұйытылған газдың көлеңкелі экспортын және оның тапшылығын болдырмау мақсатында сұйытылған мұнай газын республикадан тыс жерлерге шығаруға тыйым салу туралы бұйрық қабылдады. Энергетика министрлігі бекітілген ішкі және экспорттық бағалар арасындағы салыстырмалы айырмашылыққа шектеу енгізуге себеп болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірге жанармай құю бекеттерінде шекті бағалар белгіледі", - дейді Қияқбаев. 

Сонымен қатар, Қияқбаев электронды сауда алаңдарында сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасы туралы ақпаратпен бөлісті.

"Бүгінгі күні электронды сауда алаңдары арқылы сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасы орта есеппен тоннасына 53 мың теңгені құрайды. Газдың қалған бөлігі реттелген көтерме бағамен сатылады", - дейді ол.

Талқылау