Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінен 7 жас үлкен келіншек баласының әке тағдырын қайталауына қарсы

Әсел Кәріпова өзінен 7 жас кіші азаматқа тұрмысқа шыққан. Алайда ол өзінің баласының немесе бауырының өзінен үлкен әйелге үйленуіне қарсы болатынын жеткізді.

пи.jpgма

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Күнделікті Әсел күйеуі жұмыстан келерде тамағын әзірлеп, тағатсыздана күтеді. Өткен бір күннің әңгімесін кешке сағаттап бір-бірімен бөліседі. Алайда алғаш жастардың некеге тұруына жақындары қарсы болған екен.

«Басында отбасыларымыздың қарсы болғаны рас. Арамызда бала пайда болғаннан кейін реніш ұмытылды. Адамды шын сүйген кезде ешкімді тыңдамайсың. Анам «Өзің біл! Бақытты болсаң болды» деді», – дейді Асқарбек Есенқайыр. Қос ғашық осыдан 6 жыл бұрын желі арқылы танысқан. Небәрі екі айдан кейін олар азаматтық некеде тұра бастаған.

«Тұрмысқа шыққаныма биыл 5 жыл болды. Екеуіміз «агент» желісі арқылы таныстық. Яғни бес жыл бұрын танысып, арада екі ай өткен соң бірге тұра бастадық. Тек бір жылдан кейін ғана заңды некеге тұрдық. Аталған желіден ол маған достық жіберді. Екеуіміз бір жұмадай сөйлесіп жүрдік. Ол кездесуге ұсыныс жасады. Алайда менің қолым тимеді. Тура бір жұмадан кейін мен тойдан кеш шығып, ол мені үйге дейін апарып тастады. Алғашқы кездесуіміз 15-20 минутқа ғана созылды. Бір-бірімізге ұнаған сияқты болдық. Келесі күннен бастап күнде кездестік. Өзімізді бақытты жанұялардың қатарына қосамыз. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Ол кісі үнемі жұмыста жүреді. Сол себепті бүгінгі студияға келе алмай қалды», – дейді Әсел Кәріпова.

пи

Жігіттің туысқандарының қарсы болуларының себебі бар. Сүйгені Әсел бірнеше жас үлкен. Десе де, бұл екі жастың шаңырақ көтеруіне кедергі бола алмады.

«Ол «Мен дайынмын. Бұл – менің шешімім. Сен маған ұнайсың. Сол себепті бірге боламыз» деді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы. Олардан сөз естіп, қабақ түйгенін көрген емеспін. Жақсы отырып, бір-бірмізбен жақсы сөйлесеміз. Дәл осы адамды жолықтырып, осы адаммен тұрмыс құрғаныма ризамын. Оның жанында әйел бақытын сезінемін. Мен одан 7 жасқа үлкенмін. Менің туысқандарым ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Мен басында «Сен бірге тұруға дайынсың ба? Ертең сенің барлық туысқаның менімен болуыңа қарсы болады. Өйткені арамыз 7 жас» деп айттым. Жеке өзім балам немесе бауырым өзінен үлкен әйелге үйленсе қарсы болатын едім. Бұл барлығына бірден ұнайды деп ойламаймын. Ал күйеуімнің туысқандары қарсылығын ашық түрде білдірген емес. Қарым-қатынасымыз өте жақсы.

Мен оларды сыйлаймын, олар да маған жақсы қарайды. Әрине, мұндай ситуацияға қазір басқаша қараймын. Себебі, басымнан өтті. Бірақ бастапқыда қарсы болатыным анық. Жас баламның өзімен жасты серік тапқанын қалаймын. Адамды алдымен біліп алу керек. Жолдасым «Менің жанымда қазір жас қыз болса, қалай өмір сүретінімді білмеймін. Сен ақылдысың, бәрін білесің» деп айтады. Үйде бірінші шешімді жолдасым қабылдайды. Жасым үлкен болса, бірінші кезекте жолдасымды сыйлап, ер адам ретінде құрметтеймін. Шешімдерді негізінен ол кісі қабылдайды. Арасында ақыл айтып отыратын кездерім де болады. Көбінесе ол кісінің айтқан сөздеріне қарсы келмеймін. Ғашықтардың жасынан бөлек, олар бірге тұра бастаған кезде түрлі қиыншылық болады. Оның барлығынан біз өттік, шешім таба алдық. Қазір бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», – дейді Әсел ханым.

фс

Әселдің жеке бизнесі бар. Ал жолдасы мемлекеттік қызметте. Шаңырақ құрғалы 6 жылдың өткенін байқамаған олар «Құдды кеше танысқандаймыз» дейді. Қазір олардың Мансұр есімді ұлдары бар. Жасы үште. Асқарбек пен Әселдің ендігі арманы – көпбалалы ата-ана атану. Бұл отбасы «Махаббат жасқа қарамайды» деген пікірмен толық келіседі.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Сұлулығын сақтап қалғысы келген қазақстандық әйел бала туудан бас тартты

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау