Күйеуіне 40 шақты ер адаммен опасыздық жасаған әйел бұл әдетінен арыла алмай жүр
Күйеуіне жиі опасыздық жасайтын келіншек бұл әдетінен қалай арыларын білмей жүр. Ол, тіпті, аз уақыт ішінде 40 шақты ер адаммен төсектес болып үлгерген екен.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Бірден ескертейін: Мені сөгудің қажеті жоқ. Қазір жасым 28-де. Бір ұлым бар. Ұлым ата-әжесінің қолында. Ал біз қалада тұрамыз. Жуырда 31 жасқа толғалы отырған күйеуім вахталық жұмыста. Осыдан 4 жыл бұрын тұрмыс құрғанбыз. Сол кезде төсек қатынасы жиі болатын. Бір түнде кемінде 3-4 рет айналысатынбыз. Арасында көлікте, далада қосылып жүрдік. Соған ағзам үйреніп қалса керек. Үнемі төсек қатынасын қалап тұрамын. Күйеуім 15 күн үйде, 15 күн жұмыста. Осыдан 3 ай бұрын ол жұмысқа кеткен кезде сайттан танысу анкетасын ашып, жігіттермен таныса бастадым. Сөйтіп бір жігіт көлікпен келді.
Онымен біраз сөйлесіп отырып, көлігінде беріле салдым. Бірақ маған ұнай қоймады. Себебі, тез бітіре салды. Арада екі күн өткен соң тағы да қаладым. Сосын басқа жігіт үйіне шақырды. Содан не керек бұл іс әдетке айнала бастады. Соңғы екі ай ішінде 40 шақты ер адаммен төсектес болыппын. Бірақ бәрінде сақтанып жүрдім. Күйеуім оның бірін де білмейді. Байқұс күйеуім ақкөңіл, бар ақшасын маған алып келеді. Бұл әрекетті қойғым-ақ келеді. Бірақ қалай қоярымды білмеймін. Сайтты өшіремін, сосын қайтадан қосамын. Бұл аурудан қалай айыға аламын? Өтініш, мені сөкпеңіздерші. Менікі дұрыс емес. Ер адамды қалаймын да тұрамын. Қойғым-ақ келеді. Бірақ, басқанікін көргіп келіп тұрады. Әлде ішіме жын кіруі мүмкін бе?” – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Келіншек таңертеңмен жатын бөлмеге рұқсатсыз кіріп алатын енесінен қорқып жүр
Бір кездері жездесімен жақындасқан келіншек өз ісіне өкініп жүр
Жаңа босанған келіншек күн көрсетпеген енесі туралы айтып жылады
Астаналық қария қартайғанда өзіне қамқорлық көрсетпеген ұлы туралы айтып ашынды