Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін абайсызда өлтірген Алға тұрғыны мемлекеттен 600 мың теңге өндіріп алды

Өткен жылдың желтоқсанында Ақтөбе қалалық соты 28 жастағы Алға қаласының тұрғыны Әйгерім Қауқанованы ақтап шықты. Сот Қауқанованы «адам өлтіру» бабы бойынша кінәсіз деп танып, зиянды өтеуге құқығын берді. Әйел жазықсыздан жазықсыз 8 ай уақытын абақтыда өткізген еді.

Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өлер алдында Тимур Қауқанов әйелі Әйгеріммен бірге кафеге барып, оны бейтаныс азаматтан қызғанып қалған. Үйге келген соң, ол әйелін ұрып, артынша жарына пышақ ала жүгірген. Әйгерім күйеуінің қолын қайырып, өзінен итеріп жіберсе керек-ті. Бұдан кейін қолындағы пышақ Тимурдың өзін жарақаттап, көп ұзамай азамат көз жұмған. Пышақтан әйелдің саусақ іздері табылмады.

Кеудесіндегі жарақатын көрген Әйгерім: «Өле көрме, жаным!» – деп айқайға салған. Ол пәтерден жүгіріп шығып, елден көмек сұраған.

Сот барысында РОВД Алға тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, майор Жұлдыз Нұрсейітованың объективтік тұрғыдан істі әділ жүргізбегені белгілі болды. Майор жеке ұнатпаушылығының салдарынан, әйелді кінәлауға тырысқан.

Әйгерімнен алынған жауап мәтініне майор: «Менің ашуым келді. Күйеуімнің қолынан пышақты қалай алып, оған сұғып алғаным есімде жоқ», – деген сөздерді өз атынан қосып қойған. Видеофонографиялық сараптама бұл сөздердің жалған екенін дәлелдеді. Алайда бұл үшін тергеуші де, прокурор да жазаланған жоқ. Екеуі де қызметтерін жалғастыруда.

«Түрмеде өткен 8 ай – өмірімдегі ең ауыр кезең. Болған оқиғаның салдары жүрегімде мәңгі қалатын шығар», – деп жылады Әйгерім сотта.

18 қыркүйек күні қалалық соттың судьясы Назымгүл Самарханова қаржы министрлігін Әйгерім Қауқановаға моральдық өтемақы ретінде 600 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Тергеу барысында Әйгерім Қауқанова заңгерлерге 1 миллион 75 мың теңге төлеген. Сот бұл сомманы қайтарып беруден бас тартты.

Әйгерім тергеу изоляторында жатқан уақытта, оның 3 жасар ұлы ата-әжесінің (әке жағынан) қолында тәрбиеленді. Бостандыққа шыққан соң Әйгерім ұлын өзіне қайтарып алды. Қазіргі уақытта әйел жұмыс істеп, баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды

Трамвай астына әдейі секірген баланың жағдайы белгілі болды

Жамбылдық полицей басын қатерге тігіп қауіпті қылмыскерді құрықтады

Шымкентте хиджаптағы келіншек әйел акушер босандырмаса баласымен қоса өлуге дайын екенін айтқан

Талқылау