Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты
Соңғы жылдардағы ресми мәлімет бойынша, біздің елімізде 400 мыңнан астам жалғызбасты ана бар. Бұл дегеніміз – үйде ер-азаматтың жоқтығы, баланың қауіпті сезінуі сезімінің артуы, ананың әке рөлін өзіне қабылдауы. Ақша тауып, баланы асырау тұрғысынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да оларға ауыр. Дәл осылай қиналып жүрген келіншектердің бірі басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Бүгінде екі баласына жалғыз өзі қарап жүр екен.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
33 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны Гүлдана Сапарқызы 2008 жылы күйеуімен ажырасып кеткен. Ол бірге тұрған күндері қатты қиналғанын айтып жатыр. Күйеуі бес минутқа жұмыстан кешігіп келгені үшін қол көтеретінін болған екен.
«Қазақстанға Қарақалпақстан аймағынан көшіп келгенмін. Әке-шешем қайтыс болып кеткен. Ол жақта туған-туысқандарымыз қалмады. Ауылда жүргенімде мені алып қашып кеткен болатын. Күйеуімді тек сырттай таныған болатынмын. Жамандағым келмейді. Бірақ, қайын атам мен күйеуім ішетін. Енем жақсы болатын. Отбасында төрт бала болды. Жарым солардың үлкені еді. Анам қайтыс болған кезде 2-3-сыныпта оқып жүрдім. Кішкентай едім. Мені әкем тәрбиелеп өсірді. Мен тұрмысқа шыққаннан кейін араға екі жыл салып әкем қайтыс болды.
2003 жылы мектепті бітіре салысымен отбасын құрдым. Күйеуім ішіп, қол көтерсе де, шыдап жүре бердім. 2005-жылдары айына 6-7 мың теңге жалақы алып жүрдім. Үйге 5 минут ерте немесе кеш қалып қалсам, күйеуім мені бұрышқа тұрғызып ұрсатын. «Үйге қалай келдің? Кіммен келдің?» деп айтады. Тура алтыда үйге кіру үшін таксимен келетін кездерім болды. Сол кезде мені такси жүргізушілерінен қызғанатын. Күні-түні мені балағаттаумен болды. Түнімен ұйқы бермейтін. Ішсе де, ішпесе де, бос әңгімемен мазаны алатын. Ақшаны қалтасына салып алып бермейтін. Бізде заңды неке болған емес. Шыдай алмай үйге кетіп қаламын. Әкем қайтадан жібереді. Күйеуім өзі кешірім сұрап келмейтін. Тек туысқандарын жібереді. Соңғы рет үйден тоғыз айға кетіп қалдым. Көңілімнің әбден суып қалғанын айтсам да, туысқандарым бой бермей жіберді. Күйеуімнің басқа әйелден баласы бар болып шықты. Басында ішіп жүрсе де, маған тиіспейтін. Қазір ол кісімен бірге тұрмаймын.
2008 жылы екінші балама аяғым ауыр болып қалды. Балаларым өзімнің атымда жазылған. Осылайша, ақырында күйеуім менен кетіп қалды. Үш айдан туысқандарымның үйін паналап жүрдім… Екінші балам алты айлық болған кезде күйеуім қайтып келді. Бірақ, бұл жолы оған қаттырақ айта алдым. Әртүрлі қиындықты көріп тірілген едім. Оған бірге болғым келмейтінін айттым. Қазір де ішімдікке салынып жүр деп естимін. Ата-енем тірі. Бірақ араласпаймыз. Олар да ішімдікке салынған ұлдарының әрекеттерінен әбден шаршады. Күндерін әрең көріп отырғандықтан, оларға масыл болғым келмейді», – дейді Гүлдана Сапарқызы.
Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы келіншектің оқиғасына толық сене қоймады. Осы орайда, оған көзілдірігін шешуді ұсынды. Бірақ, Гүлдана ханым бас тартты. Жақындарына ауыртпашылық салғысы келмейтіндігімен түсіндірді.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін
Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді
Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты
Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы