Күйеуі өзінен кіші танымал бикештер (фото)
Иә, махаббат жасқа қарамайды. Айналаға көз тастасаңыз, танымал жұлдыздар арасынан да, қарапайым халық арасынан да біршама жас айырмашылықпен теңін тапқан жандарға кезігесіз.
Бұл орайда Stan.kz назарларыңызға әйелінің жасы ерінен үлкен жұлдызды жұптар тізімін ұсынады.
Алтын дауысты Маржан Арапбаеваның күйеуі өзінен 4 жасқа кіші. Отбасы туралы жиі айта бермейтін әнші мұны бір сұхбатында мойындап қойған болатын. Алайда Маржан күйеуінің жасы кіші болса да, ой-өрісінің әлдеқайда ілгеріде екенін айтады.
Мәдина Сәдуақасованың алғашқы некесінің сәтсіз аяқталғанын жұрт жақсы біледі. Есесіне сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаралаған әнші өзінен 7 жас кіші азаматтан бақытын тапты. Бүгінде Мәдина мен режиссер Олжас Смағұловтың ортақ бір ұлы бар.
Иә, Ақбота Керімбекованың алғашқы екі некесі сәтсіз аяқталды. Десе де, қайсар мінезді қазақ қызы мойыған жоқ. Үш ұлын оқытып, аяққа тұрғызды. Әйел басымен үй салды. Ал жуырда үшінші рет тұрмыс құрған Ақботаның жары Рауан өзінен 8 жасқа кіші.
Бірнеше жыл бұрын отбасын құрған Ерлан Орынбасаров та жары Баян Нұрмышевадан 2 (кей деректерде 3) жасқа кіші. Бүгінде жұлдызды жұптың Назарәли және Зейін атты екі ұлдары бар.
Олимпиада чемпионы атағынан айырылып қалса да, халықтың сүйікті ұлына айналған Илья Ильин жары Натальядан екі жасқа кіші болып шықты.
Шоу-бизнестегі ең әдемі жұп – Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың жасында айырмашалық барын бірі білсе, бірі білмейді. Аша 1988 жылдың 22 желтоқсанында, ал Арман 1989 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Шындап келгенде Аша Арманнан небәрі бір ай бұрын дүние есігін ашыпты. Дегенмен, жылына қарасақ, Арман Ашадан бір жасқа кіші деп айтуға келетіндей…
Иә, күні кеше жұбайын клипке түсіріп, елге таныстырған Қайрат Нұртастың құпиясы ашылатын күн алыс емес. Оның «Арман» атты фильмі алдағы айда көрерменге жол тартады. Қайраттың жары Жұлдыз өнер әлемінен алыс емес, мамандығы бойынша актриса. Екеуі өнер колледжінде бір уақытта білім алған. Алайда Жұлдыз Қайраттан бір курс жоғары оқыған-ды. Бұл туралы жұлдызды жұптың ұстаздары телеарнаға берген сұхбатында айтқан болатын. Бұдан өзге, әлеуметтік желілерде Жұлдыздың атынан ашылған парақшаларда оның 1988 жылдың сәуірінде дүниеге келгені жазылған. Ал Қайрат Нұртастың 1989 жылдың ақпанында туғанын бәріміз жақсы білеміз.
Некесі сәтсіз аяқталған жұлдыздардың бірі – Ділназ Ахмадиева. Бұған дейін әнші ел алдына шығып, жарының опасыздық жасағанын мойындаған еді. Ал Ділназдың экс-күйеуі Ахмад өзінен 5 жасқа кіші болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)
Ғазизхан Шекербеков “Қайрат Нұртас арқылы танылды” деп сынағандарға жауап берді
Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)