Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күріш қайнатпасы: күріш суының ағзаға келтірер пайдасы мен зияны

Stan.kz күріш қайнатпасының ағзаға келтірер пайдасы мен зияны туралы мәлімет ұсынады.

Күріштің пайдасы туралы бәрі біледі. Бұл дақылға мыңдаған жыл болған, оны біздің дәуірімізге дейін Азия елдерінде өсірген. Бүгінгі таңда дәстүрлі медицинаны ұстанатындар мен салмақ тастағы келетіндердің және өз денсаулығын күтіп жүретін адамдардың арасында тек күріш қана емес, сонымен қатар күріш қайнатпасы да танымал. Соның ішінде біз күріш қайнатынсының пайдасы мен зияны туралы әңгімелейтін боламыз.

Күріш суы несімен пайдалы

Күріш суы немесе қайнатпасы керемет қасиеттерге ие, бірақ бұл сұйықтықтың дәмі қоймалжыңдалған және жағымсыз болып көрінуі мүмкін. Мысалға, қытайлықтар күн сайын таңертең бір стақан күріш суын ішеді. Бұл таптырмайтын пайдалы сұйықтық ағзаға қажетті сергектік сыйлап, тазартады.

Сусын көптеген пайдалы заттардан тұрады:

  • минералдардан (күріш сұйықтығында селен өте көп);
  • В, Е, С тобындағы витаминдерден;
  • асқазанның шырышты қабығын орап, емдейтін ұлпадан;

Сондай-ақ, күріш суының пайдалы қасиеттері бар: Ол

  • ағзаның ішкі энергиясын босатады;
  • тері мен шаштың жағдайын жақсартады;
  • зат алмасуды жылдамдатады;
  • ағзаны уытты заттардан тазалайды;
  • сусыздануды жеңуге көмектеседі.

Дәрігерлер бұл күріш суының қасиеттерін баяғыда мойындап, атап өткен болатын. Бірақ, оны аш қарынға ішуге болмайды!

Себебі, бұл сұйықтықтың өзінің қарсы көрсеткіштері бар:

– тоқ ішектің қабынуы;

– іш қатуға бейімділік;

– жеке төзімсіздік.

Егер сіз күнделікті тамақтану рационына дәнді дақылдардың қайнатпасын қосуды шешсеңіз, оны дұрыс орындаңыз. Сонымен, күріш қайнатындысын қалай дайындаймыз:

Емдеуге және салмақ тастауға арналған рецепттер

Күріштен сусын дайындаудың көптеген рецепті бар, яғни қарапайымынан басталып, бірнеше қадамдардан тұратын да рецептер болады.

Ең қарапайым рецепт бойынша дайындау:

Кәстрөлге 2 стақан су құйып, қайнатыңыз. Содан кейін оның үстіне екі шай қасық күріш қосыңыз. Бұны шамамен 40 минут қайнатыңыз. Сосын қайнатпаны суытып, сүзіңіз. Бұл сұйықтықты баланың іші өткенде қолдануға болады.

Тағы бір рецепт құсу кезінде қолданылады:

Бұл рецепт бойынша бізге 1 стақан күріш пен тұз және бір литр су керек. Алдымен күрішті ұн секілді кофе ұнтақтағышта ұнтақтап алыңыз. Содан кейін суды жылытып, оған ақырындап күріш ұнтағын қосыңыз. Сөйтіп, қайнатпаны 5 минут қайнатыңыз да, суытып, әр 2 сағат сайын ішіңіз.

Қайнатпады қою қылып қайнатуға болады:

5 ас қасық күрішті алтын түсті болғанша қуырыңыз. Содан кейін оны кофе тартқышқа салып, ұнтақтаңыз. Сосын жарты литр суды жылытып, оған күріш үнтағын салыңыз да, жарты сағат қайнатыңыз. Күріш қайнатпасы дайын болған соң суытып, қабылдай беруге болады.

Салмақ тастау үшін күріш қайнатпасын дайындаудың бірінші рецептін қолдансаңыз болады. Дегенмен, сымбаттылығымен ерекшеленетін азиялық әйелдер, оны басқалай дайындайды:

1. Бір стақан күрішке 4 кесе таза су алыңыз.

2. Күрішті суға салып, оны төмен температурада 2-ден 4 сағатқа дейін қайнатыңыз.

3. Сондай-ақ, күріш суын дайындаудың басқа тәсілін қолдансаңыз да болады: мысалы, күрішті қайнатыңыз да, бетін сүлгімен жақсылап жауып, түнге қалдырып қойыңыз.

Сонымен қатар, Азияда ашыған күріш сусынын да дайындайды, яғни ферменттелген күріш сусыны:

1. Ашыған су қарапайым қайнатпа секілді дайындалады, тек әзірлеу кезінде суды көп құйып қою керек.

2. Күріш қайнаған кезде, оны кепсермен сүзіп алыңыз. Бізге күріш суы керек болатындықтан, суда қайнаған күрішті тамақ пісіру үшін қолдансаңыз болады.

3. Ал қайнатпаны ашыту үшін, оны бір тәулікке қойып қойыңыз.

4. Содан кейін ашыту процесін тоқтату үшін сусынды қайтадан қайнатыңыз. Кейін сусын суығанда аздап қолдана берсеңіз болады.

Бұл сусын жасартушы құрал ретінде әрекет етеді, себебі оның құрамында Е дәрумені өте көп.

Күріш суын қалай қолдану керек

Құрметті оқырмандар күріш сусыны 100%-ға әсер етсін десеңіздер, оны дұрыс ішкен жөн:

  • Асқазан және ішек аурулары кезінде алғашқы рецепт бойынша пісірілген күріш қайнатпасын екі сағат өткеннен кейін, стақанның төрттен бір бөлігін ішу керек. Бұл сусынды сирек немесе жиі ішуге болмайды. Себебі, оның әсері әлсіз болады немесе ол дәретті тым қатайтып жібереді.
  • Құсыққа қарсы сұйықтықты әр үш сағат сайын бірнеше ас қасық ішеді.
  • Ал сусынды балаларға беретін кезде дозаны төмендету керек. Оларға бір ас қасықтың өзі жеткілікті болмақ, бірақ сәбилерге жиі беріп тұруға рұқсат етілген.
  • Арықтау үшін ішкіңіз келсе, таңертеңнен бастап аш қарынға ішкеніңіз жөн. Бұл ағзаға энергия беріп, тазартады. Суды күні бойы тамақтанар алдында, кішкене порциямен қабылдау ұсынылады. Егер, таңғы асты күріш сусынымен ауыстыратын болсаңыз, аптасына бір келі тастауыңыз мүмкін.
  • Күріш суын бетке маска ретінде де қолдануға болады. Ол үшін күрін суын теріге жағыңыз да, 15-20 минутқа қалдырып, содан кейін таза сумен жуыңыз.
  • Сондай-ақ, күріш қайнатпасымен шаш жууға болады. Сонда шашыңыз үлпілдеп, жылтырап тұрады.

Көріп отырғандарыңыздай, күріш суы таптырмайтын сусын. Ол ауру кезінде жақсы көмектеседі және барлық сұлулық салонының орнын ешқандай шығынсыз алмастырады. Азиялық әйелдердің бұл құралды көптен бері бағалағандары да таңқаларлық емес. Ал күріш суының ерекшелігі мұра ретінде қазіргі заманның сұлуларына да берілген.

 

Талқылау